04.01.2025, 00:30

Бас-ми жарақаты, сүйек сынуы: Дәрігерлер ірі жол апатынан зардап шеккендердің жағдайын айтты

Фото: otyrar.kz

2021 жылы туған бір балада бас-ми жарақаты мен ми шайқалу белгілеріне күдік бар.

Ақмола облысында болған жаппай жол апатында 20 адам, оның ішінде 8 бала жарақат алды, деп хабарлайды деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ақкөл орталық аудандық ауруханасына түрлі деңгейде жарақат алған 3 адам жеткізілді. Барлығының жағдайы тұрақты. Бұланды орталық аудандық ауруханасына 11 адам түсті, олардың бесеуі, соның ішінде бір бала ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендерге бас-ми жарақаты, сүйек сынуы және дене көгеруі диагноздары қойылды. Алтауы амбулаторлық емделуге жіберілді», – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Сондай-ақ, Бурабайдағы медициналық орталыққа төрт адам, оның ішінде бір бала жеткізілді. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылған, үшеуі амбулаторлық ем қабылдап жатыр.

«Астанадан екі бала апат орнынан ауруханаға жатқызылды. 2021 жылы туған бір балада бас-ми жарақаты мен ми шайқалу белгілеріне күдік бар. Ал 2009 жылы туған жасөспірімде кеуде қуысының жарақаты мен тізе буынының көгеруі анықталды», – деп толықтырды басқарма.