$ 524.75  540.6  5.12

Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл (ВИДЕО)

Қадыр Мырза Әлі ақын ретінде өшпес туындылар жазып қанай қоймай, әлем әдебиетінің үздік шығармаларын қазақ тіліне аударды.

 

90 жыл бұрын (1935-2011) қазақтың ақыны, Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Республикалық «Тарлан», Халықаралық «Азияс» (монғолшадан аударғанда «талант») сыйлықтарының иегері Қадыр Ғинаятұлы МЫРЗА ӘЛІ дүниеге келген, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Орал облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған.

Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. 1962-1965 жылдары «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған. 1993 жылдан «Балауса» баспасының директоры болды.

Қадір Мырза Әлидің қанатты сөздері

Тұңғыш туындысы 1954 жылы «Пионер» журналында жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде 40-тан астам жыр жинақтары мен әдеби-сын, ән өлеңдері мен прозалық кітаптары: «Көктем» (1959), «Данышпан» (1961), «Сабақ», «Ой орманы» (1965), «Дала дидары» (1966), «Бұлбұл бағы» (1967), «Ақ отау» (1968), «Күміс қоңырау», (1970), «Домбыра» (екі кітап, 1971 және 1974), «Кеш» (1973), «Жерұйық» (1976), «Қорамсақ», «Көкпар», «Қызыл кітап», «Алақан» (1981), «Саз сиқыры» (1982), «Күндер-ай» (1984), сондай-ақ тоқсаныншы жылдары таңдамалы шығармаларының бес томдығы, ал 2001 жылы «Қазығұрт» баспасынан 15 томдығы шыққан. Бірнеше пьесасы сахнада қойылған. Екі жүзге жуық ән мәтіндерін жазып, «Күндер-ай» (1984) деген атпен жеке жинақ болып шықты. Көптеген өлеңдері оқулықтарға енген. Балаларға арналған өлең, жаңылтпаш, жұмбақ, мысалдармен қазақ балалар әдебиетін дамытуға елеулі үлес қосып келеді. Олар: «Жаңғалақтар» (1960), «Данышпан» (1961), «Ноян қоян» (1962), «Алуан палуан» (1963), «Сабақ» (1964).

Қадыр Мырза Әлінің балаларға арналған өлеңдері

Өлеңдері ағылшын, француз, неміс, болгар, венгр, фин т.б. көптеген шетел тілдеріне аударылған. Ол Овийдің, Румидің, Гейненің, Гюгоның, Лермонтовтың, Есениннің, Расул Ғамзатовтың, Межелайтистің, Петифидің т.б. жырларын қазақ тіліне аударған. «Үкілі үзінділер» (1996), «Ғибратнәмә» (2001), «Жазмыш» (2001), «Еңіреп өткен ерлер-ай» (2001), «Иірім» (2004), «Шырғалаң» (2004), «Алмас жерде қалмас» (2004), т.б. көптеген кітаптардың авторы.

Жайық Пресс - Бүгін – Қадыр Мырза Әлидің туған күні - официальные новости  ЗКО

Орыс тілінде «Ұйқысыз түндер», «Ақ отау», «Бұлбұл бағы», «Дала дидары», «Сабақ», «Алақан», «Домбыра», өзбек тілінде «Алақан», әзірбайжан тілінде «Бұлбұл бағы», монғол тілінде «Шымыр жаңғақ» сияқты кітаптары басылды.

1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Республикасының Әнұраны жаңа мәтіні авторларының бірі. 2001 жылы тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды. «Парасат» орденінің иегері (2005).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары