$ 527.23  544.05  5.05

1 млрд теңге жымқырды деп күдікке ілінген вице-министрге қатысты тергеу аяқталды

Өткен жылдың 13 желтоқсанында Бас Прокуратура күдіктілерді сотқа берді.

Фото:primeminister.kz
Фото:primeminister.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі 1 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен қолға түскен  мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Агенттік Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі және мердігер ұйым басшылығына қатысты ауыр қылмыс жасағаны бойынша тергеуді аяқтады. Олар қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды және 1 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталуда. 2024 жылдың 13 желтоқсанында Бас Прокуратура күдіктілерді сотқа берді», - деп хабарлады бүгін, 2025 жылдың 5 қаңтарында агенттік.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары