Өзімізден жасы үлкен еркекпен, ағаларымызбен, алыс туыс ағалармен, бауырларымыздың достарымен ешқашан үйде оңаша қалуға болмайды.
Әлеуметтік желіде оранған әйелдің кішкентай қыздарға үйреткен ақылы көпшіліктің назарына аударды. Әлгі видеода мұсылмай әйел өзінен білім алып жүрген оқушы қыздарға ешқашан еркеу атаулымен бір бөлмеде оңаша қалмауға кеңес берген, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
Видеода мұсылман қыздарға білім, тәрбие беріп тұрған әйел:
«Сендердің денелеріңе ешкімнің рұқсатсыз қол тигізуге қақысы жоқ. Егер біреу денеңді ақырын ұстаса, не деу керек? «Жолама! Тиіспе! Аулақ жүр!» дейміз.
Үйде ешқашан еркек атаулымен оңаша қалмаймыз. Өзімізден жасы үлкен еркекпен, ағаларымызбен, алыс туыс ағалармен, бауырларымыздың достарымен ешқашан үйде оңаша қалуға болмайды. Туған-туыс еркекпен оңаша қалсаң, бірден бөлек бөлмеге кет. Әйтпесе, еркекпен оңаша қалса, еркек бірден денеңе қол жүгіртіп, «ешкімге айтпа» деп тиісе бастайды. Ондай кезде «тиіспе!» деп «маған ұнамайды» деп бірден шешеңе айт», — деген үйретушіні мақұлдап отырған 8-9 жасар қыздар бас шұлғып отыр.
Ал бұл видеоны көрген желі қолданушылары наразылық білдірді.
«Бұл — әйелге өз бауырын жау етіп көрсету емес пе?», «Денеңе ешкімнің қолы тимесін» деу арқылы мына үйретуші қыздарды тіпті өз бауырларынан алыстатып, бүкіл еркек атаулыға жеккөрінішін оятып жатқан жоқ па?», — деп көпшілік жаза жөнелді.