05.01.2025, 18:20

«Мынау нағыз екіжүзді»: Журналист теннисші Александр Бубликтің қулығын айтты

Коллаж: Sn.kz

Енді ресейлік журналист жақындап еді, «мен – орыспынға» салыпты. 

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов теннисші, соңғы жылдары Қазақстан атынан өнер көрсетіп жүрген Александр Бублик туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Журналист ойын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Мынау нағыз екіжүзді. Осыдан бірер жыл бұрын қазақстандық тілшіге сұхбат берген кезде, «мен – қазақпын» деп еді. «Қазір менің ресейлік төлқұжатым жоқ. Менің Ресей теннис федерациясына да қатысым жоқ. Мен қазақпын, осы елдің атынан өнер көрсетіп келемін. Қазақстанның намысын қорғап жүргенімді мақтан тұтамын», — деді Александр Бублик.

Енді ресейлік журналист жақындап еді, «мен – орыспынға» салыпты. «Қазір Қазақстан намысын қорғап жүрмін. Бірақ, мен – орыспын. Сондықтан мені Петербург өзіне тартып тұрады. Жерлестерімді жақсы көремін. Кәсіпқой мансабымды аяқтағаннан кейін Санкт-Петербург қаласына қоныс аударамын» деді Бублик…», — деп жазды журналист.