Іздеу жұмыстарыра 100-ден астам қызметкері жұмылдырылған.
Абай облысында Ертіс өзеніне құлап кеткен көлік табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Семейде Ертіс өзенінде іздестіру-құтқару жұмыстары барысында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары эхолоттың көмегімен суға батқан көлікті тапты. Іздеу операциясына ведомствоның 100-ден астам қызметкері жұмылдырылған», - делінген ТЖМ таратқан хабарламада.
Айта кету керек, осыған дейін Ертіс өзеніне құлаған көліктен бір адамның денесі шығарылғанын жазғанбыз. Семейде ішінде төрт адамы бар көлік Ертіс өзеніне құлап кеткен.