$ 527.23  544.05  5.05

«Жаңбыр, қар, боран»: Алдағы күндері ел аумағында тұрақсыз ауа райы сақталмақ

Қазақстан бойынша желдің күшеюі, тұман мен көктайғақ болжанып отыр.

Фото: freepik
Фото: freepik

Синоптиктер Қазақстан бойынша 7, 8, 9 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Болжамға сәйкес, 7 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде Оңтүстік-Каспий циклоны әсерінен ылғалды ауа райы болжанды. Салдарынан елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында боран болып, қалың қар жауады.

Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде жауын-шашын (жаңбыр) болжанып отыр. Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын болады. 

Ал 8 қаңтарға қараған түні Батыс антициклоны ауа температурасын күрт төмендетеді. Салдарынан түнде республиканың солтүстік жартысында 15-25 градус аязға дейін, оңтүстігінде 5 -15-ға дейін, Алматы облысы мен Жетісу облысының таулы аудандарында 20-25 градус аязға дейін болжанды.

"Алайда 9 қаңтарда түстен кейін ауа температурасы қайтадан көтеріледі: республиканың солтүстік жартысында 0-5 градусқа дейін аяз, оңтүстікте 0-5 градусқа дейін жылы болады", – деді синоптиктер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары