08.01.2025, 13:20

Тоқаев Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берді

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Президент кездесу барысында Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымы басқару процесі мен аймақтар арасындағы ықпалдастықты жетілдіру, өзінің тапсырмалары мен шешімдерінің жергілікті жерде орындалу барысына бақылауды күшейту, сондай-ақ қабылданған шаралардың сапасын жақсартып, азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайту мақсатында енгізіліп отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарына нақты міндеттер жүктелді.