$ 524.75  540.6  5.12

Шырша безендіремін деп биіктен құлаған мұғалім ауруханадан шықты

2019 жылы қабылданған заңның аясында мұғалімдерді өзінің мамандығына сайемес жұмыстарға тартуға болмайды. 

Фото: Біржан Ахмердің желідегі парақшасынан
Фото: Біржан Ахмердің желідегі парақшасынан

Семейде шыршаны безендіру кезінде құлаған мұғалім ауруханадан шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Бұл мәселемен қазір әкімдік айналысып жатыр. Бүгін таңертең ғана маған мұғалімнің сауығып шыққаны туралы хабар жетті. Мен бұл мәселені үнемі бақылуымда ұстап отырмын. Жазаланатын адамдар жазаланды. Расында да, бұл жағдай барлығына үлгі болуы керек", – деді министр Ғани Бейсембаев.

Сөзінше, 2019 жылы қабылданған заңның аясында мұғалімдерді өзінің мамандығына сайемес жұмыстарға тартуға болмайды. 

Осы мәселеге байланысты Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова да пікір білдірді.

"Егер ол азаматты жұмысқа тартқан кезде қосымша жұмыс туралы құжат болса, жұмыс уақытында тартылған болса, өндірістік жарақат деп танылады. Жұмысқа тартқанда шарт жасалған ба, жоқ па – сол анықталып жатыр. Егер де шартсыз тартылған болса, оны жұмысқа тартқан адамдар заңды бұзған. Егер құжат болса, онда ол өндірістік жарақат болып есептеледі", – деді Тамара Дүйсенова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары