Жазушының дүниеден өткенін ұлы Едіге Мағауин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
84 жасқа қараған шағында жазушы, әдебиет тарихын зерттеуші ғалым Мұхтар Мағауин қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жазушының дүниеден өткенін ұлы Едіге Мағауин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Арыстан әкем фәниден бақиға аттанып кетті, АҚШ-тың Мерилэнд штатындағы үйінде, бала-шағасының ортасында, 2025 жылғы қаңтардың 9-ы, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:55-те (Қазақстан уақыты бойынша қаңтардың 10-ы, сағат таңғы 5:55)", - деп жазды Едіге Мағауин.