10.01.2025, 18:40

Мектеп оқушысы вейп шеккеннен кейін қайтыс болды

Фото: mel.fm

Қыз ұзақ уақыт бөлмеден шықпаған соң, туыстары алаңдап есікті бұзған.

Оқиға Ресейдің Улан-Уде қаласында орын алған. 7 жастағы мектеп оқушысы электронды темекі (вейп) шегіп, қайтыс болды. Қайғылы оқиға пәтердің жуынатын бөлмесінде орын алған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қыз ұзақ уақыт бөлмеден шықпаған соң, туыстары алаңдап есікті бұзған. Олар қызды ес-түссіз күйде еденде жатқан жерінен тауып алған. Жанында вейп пен телефон болған.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жасөспірімнің бөлмесінен электронды темекі шегуге арналған тағы екі құрылғы мен Iqos таяқшаларын тапқан. Қазіргі таңда марқұмның пайдаланған өнімдері зерттеу үшін тәркіленді.

Қайтыс болу себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама жүргізілуде. Тергеу комитеті абайсызда өлім фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.