1932 жылы Голощекиннің геноцидінен қазақтың үштен екісі (2/3) өлді. Сөзім жетіп жатыр, жетпей қалған сөзім жоқ. Айтылмай қалған сөзім жоқ.
10 қаңтарда әдебиет тарихын зерттеуші ғалым, жазушы Мұхтар Мағауин 84 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Кейін ұлы Едіге жазушының АҚШ-тың Мэриленд штатында жерленетінін хабарлады. Ал жазушының не себепті Отанына оралмағаны туралы ол өз сұхбаттарының бірінде айтқан, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жазушы Мұхтар Мағауин 2024 жылы «Халық үні» YouTube-арнасына берген сұхбатында Қазақстанға не себепті оралмайтынын айтқан.
«Елге қайтпаймын. Бір себеп бар: шетелде бір жыл тұрған адам қайта оралғысы келмейді. Себебі біздің қоғам – орыс қоғамы. Отаршылдықтың салдары әлі де сезіледі. Көшеде еркін жүре алмайсың. Мен жаңалық аштым, бірақ менің кейіпкерімді қабылдамады. Менің ұнататын кейіпкерім – жас, ақылды, ұлтшыл жігіт. Неліктен оны жек көрді? Себебі ол кеңес адамы емес. Ал менің кейіпкерім менің прототипім. Мен де кеңес адамы емеспін. Сондықтан сенің отырған отырысың, жүріс-тұрысың, адамдармен қарым-қатынасың өзгелерге оғаш болып көрінеді. Қазіргі жастар өсіп келеді, қоғам да біртіндеп түзеліп жатыр. Шетелге шыққан жастар көп. Бірақ ескінің салдарын жою өте қиын. 1932 жылы Голощекиннің геноцидінен қазақ халқының үштен екісі қырылды. Ал Назарбаевтың 30 жылдық билігі кезінде қазақтар жан мен иманнан айырылуға жақын болды. Бұл апатпен тең болды. Қайта түзеу үшін қазір жұмыс істелуі қажет. Менің қайда екенімнің ешқандай маңызы жоқ. Сөзім жетіп тұр, айтылмаған сөзім жоқ», - деген еді абыз жазушы көзі тірісінде.