11.01.2025, 16:30

Алматыда полиция қызметкерін өлтіріп кетті

Фото: polisia.kz

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, қызметтік тергеу басталды. 

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жанжал кезінде пышақ жарақатын алған Медеу аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі Алматы қаласындағы ауруханалардың бірінде көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, қызметтік тергеу басталды. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кету керек, полиция қызметкері қызмет барысында емес, жұмыс уақытынан тыс жағдайда болған.

«ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес, қылмыстық іс бойынша басқа ақпарат жария етілмейді», – деп хабарланды.