$ 530.24  543.97  5.16

«Иә деді»: Сарбаз ант беру рәсімінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО)

Бойжеткен мұндай жағдайды күтпеген еді.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Ұлттық ұланның қызметкері ант беру рәсімінде сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақтың даңқты батырысы Бауыржан Момышұлы атындағы әскери бөлімде 600-ден астам жас сарбаз ант қабылдады.

Алғашқы оқу ротасынан Павлодардан шақырылған қатардағы жауынгер Жантөре Ерзал көңіл жарастырып жүрген сүйіктісіне ұсыныс жасады. Бойжеткен мұндай жағдайды күтпеген еді. Ол сүйіктісінің ұсынысына «Иә!» деп жауап берді.

Олар бұрын сыныптас болып, бір-бірін бұрыннан ұнатып жүргені белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары