$ 530.12  546.08  5.17

Ақтөбеде белгісіз ер адам үш адамды кепілге алған: Оның екеуі көз жұмды (ВИДЕО)

Үшінші адамның жағдайы ауыр.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Ақтөбеде бейтаныс үйге басып кіріп, бойжеткенді кепілге алған күдікті ұсталды. Үйде бойжеткеннен бөлек ата-анасы да болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі кепілде болған адамдардың түгел босатылғанын хабарлады.

— Кепілге алынған әйелді босату операциясы сәтті өтті. Күдікті ұсталды. Жәбірленуші қыз және оның ата-анасы медициналық мекемеге жеткізілді. Жарақат алған, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Алайда кепілге алынған адамның бірі ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Енді бірі операция үстелінде көз жұмды. Үшінші адамның жағдайы ауыр

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары