Тазабектің тілімен Бекболатқа бүй десек бола ма? деген тақырыппен журналист өзінің әлеуметтік желісіне жазба қалдырды.
Белгілі журналист Диас Нұрақын марқұм Мұхтар Мағауиннің таңдауына күдікпен қараған Мұхамеджан Тазабекті сынға алды. Ол діншіл, уағызшыл М. Тазабектің жазбасы айналып келіп оның жанында жүрген, Түркияға көшіп кеткен экс-депутат Бекболат Тілеуханға да тиетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz сайты.
Тазабектің тілімен Бекболатқа бүй десек бола ма? деген тақырыппен журналист өзінің әлеуметтік желісіне жазба қалдырды.
«Депутат кезінде қазақты сүйген шығар. Кейін бізден бас тартты. Біразымыздан жиіркенді. Қазақтың жыршы-термешісі емес, Біләлдің қолбаласы екенін түсінді. Ақырында бізге үш талақ айтып, қайырылмай Түркияға кетті…», — деп жазды Диас Нұрақын.
Оның айтуынша Бекболат көп қазақты менсінбеген, жиіркенген. Ал Мағауинге сын айтқан Мұхамеджан әңгімесінің бір ұшы Бекболат Тілеуханға да тиетінін түсінбеген.
«Себебі, ол бізден басын алып қашты, көбімізді менсінбеді, біразымыздан құсқысы келді. Шындығы сол. Яғни, Тілеуханның тұлғасы – қазіргі көп әншілердің (Түркиядан үй алғыш) аңсаған моделі. Осындай болсам ғой деген арманының көрінісі. Демек, көп қазақ өз ісінің майталманы болғанды қалайды, ұлттық тақырыптарда жүргенді дұрыс санайды, шетелде тұрғанды аңсайды, жат жерде жан тапсырып, сонда жерленуге де кет әрі емес… Расында солай болса, “Ер туған жеріне” деген де мақалдың мазмұны ауыса бастады деген сөз. Бұрынғы ірі қазақтардың өлімі, жерленген жерінің өзі – мағына арқалап, үлкен миссия атқарып тұратын», — деді журналист.
Еске салайық, бұған дейін Мұхамеджан Тазабек марқұм Мұхтар Мағауинді мипаздап отырып, мақтамен бауыздаған жазба жариялады.