Жол апатына ауа райының қолайсыздығы себеп болған.
Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Оқиға 15 қаңтар күні таңертең Алматы-Қонаев бағытының 28-шақырымында орын алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиғаны видеосы Instagram желісінде тарады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жол-көлік оқиғасына қалың тұман, көріну деңгейінің төмендігі, сондай-ақ жүргізушілердің жылдамдық режимі мен қауіпсіз қашықтықты сақтамауы себеп болған.
“ҚазАвтоЖол” дерегіне сәйкес, жолдың бұл учаскесі IА техникалық санатына жатады, алты жолақты, әрі жол бетінде ақаулар болмаған.