$ 529.7  545.96  5.17

Қытай TikTok-ты Илон Маскқа сатуы мүмкін

Дегенмен TikTok өкілі Майкл Хьюз бұл ақпаратты жоққа шығарып, жалған деп атады.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Қытай үкіметі TikTok компаниясының АҚШ-тағы бөлімшесі – TikTok US-ті Илон Маскқа сату мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Bloomberg агенттігінің мәліметіне сүйенсек, Пекин TikTok US-ті Маскке тиесілі X платформасына (бұрынғы Twitter) беру нұсқасын талқылауда.

Сонымен қатар, TikTok X-тің жарнама берушілерді тартуға бағытталған шараларын қолдауы мүмкін, ал Масктың жасанды интеллект саласындағы xAI компаниясы үлкен көлемдегі деректерге қол жеткізе алады. Бірақ келіссөздер әлі бастапқы сатыда.

The Wall Street Journal газеті Қытай мен Маск арасында келісім АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың инаугурациясынан кейін болуы мүмкін екенін хабарлады. Дегенмен TikTok өкілі Майкл Хьюз бұл ақпаратты жоққа шығарып, жалған деп атады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары