«Барлығымыз осы баладай мейірімді болсақ екен бір-бірімізге».
Елімізде даяшы ерекше баланы тамақтандырған. Оның балаға қамқорлық көрсетіп, тамақтандырған сәті видеоға түсіп қалған. Әлгі бейнежазба әлеуметтік желіде тарап, көпшілік даяшыға риза болды, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
Желіде тараған видеодан даяшы жігіттің ерекше баланы тамақтандырып қана қоймай, жаурап қалмасын деп бас киімін кигізгені байқалады.
«Бәріміздің көзіміздің осы балаға түсті. Жүрегім ауырып, қайта-қайта қарай бердім. Сол жерде жұмыс істейтін жігіт тамағын беріп, киімдерін кигізді. Өзінің бауыры сияқты қарап, шығарып салды», - деп жазды видео авторы.
Даяшының мейірімділігі мен қамқорлығына тәнті болған желі қолданушылары оған ақ тілегін жаудырды.
«Жанннныыымммм! Көңілім босап жылап қалдым. Аллам екі дүние рахатын нәсіп етсін», «Бауырмал адамдар көп болсыншы», «Құдыретті Алла разы болсын бұл балаға. Әмин!», «Барлығымыз осы баладай мейірімді болсақ екен бір-бірімізге», «Мына жігітке Алла разы болсын», «Ата-анасының тәрбиесін көрген текті ұрпақ», «Міне азамат, міне нағыз қазақтың баласы», - десті көпшілік.