15.01.2025, 13:40

«Лүпіл басу да күнә»: Діни басқарма қандай пікірлерді таратуға, қолдауға болмайтынын айтты

Фото: Getty Images

ҚМДБ желіде адамның ар-намысына тиетін сөз жазу, қорлаған пікірлерге лүпіл басуды да қолдамайды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы кибербуллинг және қорлаудың кез келген түріне, соның ішінде ауызша және физикалық қорқытуға, сондай-ақ әлеуметтік оқшаулауға қатаң тыйым салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚМДБ желіде адамның ар-намысына тиетін сөз жазу, қорлаған пікірлерге лүпіл басуды да қолдамайды.

"Әлеуметтік желілер немесе ұялы телефондар арқылы жалған ақпарат тарату, қорлайтын немесе ар-намысты қорлайтын пікірлерді тарату, сондай-ақ лүпіл басу арқылы оны қолдау да күнә", – делінген ҚМДБ мәлімдемесінде.

Сондай-ақ біреудің жеке жазбалары, фотосын немесе видеоларын жариялаймын деп қорқытуға болмайды.

Тегтер: ҚМДБ күнә