15.01.2025, 16:20

Қуандық Бишімбаевтың анасы ұлы үшін кек қайтармақ болған ба? (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Қарсы тарап Салтанат Нүкенованың өлімі кезінде Альмира Нұрлыбекова сот медициналық сараптаманы өзгертуге ықпал етуді сұрап, жәрдем сұрағанын айтады.

Aıran.kz арнасы таратқан ақпаратта Қуандық Бишімбаевтың шешесі Альмира Нұрлыбекова туыстарына қатысты қылмыстық іс қозғатпақ болған, деп Sкifnews.kz ақпарат порталы Democrat.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш арна тілшілері Альмира Нұрлыбекова Қуандықтың жамағайын туыстарының әйелі Бекзат Кемелова «алаяқтық жолмен 1 миллион долларымызды алды» деп қылмыстық кінә тақпақ болғанын айтады.

Алайда қарсы тарап Салтанат Нүкенованың өлімі кезінде Альмира Нұрлыбекова сот медициналық сараптаманы өзгертуге ықпал етуді сұрап, жәрдем сұрағанын айтады. Бекзат Кемелованың күйеуі Қайрат Кемелов сот медициналық сараптама нәтижесін өзгертуге жәрдем етпейтінін айтқан. Соның салдарынан ендігі жерде Альмира Нұрлыбекова жамағайын-туыстарына шүйлігіп жатқан көрінеді.