Олар мұндай айыппұлдың әділетсіз екенін айтады. Себебі ауа температурасы кейде -40 градусқа дейін төмендейтін аймақта көлікті 5 минутта жылыту мүмкін емес дейді.
Петропавлдық ер адам көлігін 5 минуттан артық қыздырып, айыппұл төлеуге мәжбүр болды. Ер адамды полицияға көршілері ұстап берген. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде тараған мәлімет бойынша, көршілерінің бірі оның әрекетіне наразы болып, "102" нөміріне қоңырау шалып, полиция шақырған. Соның нәтижесінде көлік иесіне 5 АЕК (19 660 теңге) айыппұл салынған. Бұл жағдай өңір тұрғындарының арасында қызу талқыға түсті. Олар мұндай айыппұлдың әділетсіз екенін айтады. Себебі ауа температурасы кейде -40 градусқа дейін төмендейтін аймақта көлікті 5 минутта жылыту мүмкін емес дейді. Бұл тұрғыда өңірдің климаттық ерекшеліктері ескерілмегені сынға қалды.
Ішкі істеп департаменті бұл талаптың жаңалық емес екенін, Жол жүрісі қағидаларының 20 жылдан бері бар бөлігі екенін түсіндірді. Олардың мәліметінше, егер көлік қозғалтқышы қосулы күйде 5 минуттан артық тұрса және бұл тұрғындарға қолайсыздық тудырса, көлік иесіне Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 597-бабының 1-бөлігі “Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу” бойынша айыппұл салынады.
Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті мұндай айыппұлдардың жаппай салынбайтынын, тек тұрғындардан шағым түсіп, жеткілікті дәлелдер болған жағдайда ғана шара қолданылатынын айтты. Ер адам көршілерін осылай "көмек бергені" үшін кекетіп, алғыс білдірген. Осылайша ер адам дәл солардың бұл оқиға туралы жеткізді деп болжады.