Енді азанның дауысы дәретханада шықса, бұл масқара дүние ғой.
Астанадағы «Ырыскелді қажы» атындағы мешіттің бас имамы Нұрлан Байжігітұлы телефонмен дәретханаға кіретіндерді сынға алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол азанның дауысын стандартты музыкаға ауыстырып қою мәселесін көтерді, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Телефондарыңыздағы азанның дауысын қарапайым музыкаға ауыстыруларыңызды сұраймын. Біз телефонды телефон сияқты қолданбаймыз. Осы отырған бәріміз телефонды алып, бәріміз дәретханаға кіреміз. Ең жақсы жер сол жер ғой өзі. Тып-тыныш отырып, шұқылайсың. Дәретханада оқыған қызық. Оқитын ешнәрсе таппағанның өзінде дәретхана қағазын қолға аласың. Қала берді иіс шығаратынды оқисың. Қайдан шыққанын, ішінде не барын оқисың. Сөйтіп H2O-ны жаттап аласың.
Енді азанның дауысы дәретханада шықса, бұл масқара дүние ғой. Сондықтан азанның дауысын басқа дауысқа ауыстыру керек», - дейді Нұрлан имам Байжігітұлы.