16.01.2025, 17:40

Полицейдің ескертуін елемеген: Атырау облысында екі адам жол апатынан мерт болды

Фото: Атырау облыстық полиция департаменті

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 15 қаңтарда болған. 

Атырауда полицейдің екертуін елемеген жүргізуші жол апатын жасаған. Жол-көлік оқиғасынан жүгізуші мен жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 15 қаңтарда болған. 

– Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері республикалық маңызы бар тас жолда қауіпсіздікті сақтау үшін күн сайын рейд жүргізуді қолға алды. Кеше, 15 қаңтар күні, сағат 14:00 шамасында жолдың тайғақ болуына байланысты жүргізушілерге ескерту жасалған. Алайда Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 53-шақырымында қоғамдық автокөлік пен Chevrolet Cobalt автокөлігі соқтығысы. Жол апатының салдарынан жеңіл көлікті жүргізген 48 жастағы жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Полиция оқиғаның мән-жайын тексеру кезінде жүргізушінің 1 сағат бұрын ескерту алғанын анықтаған. Аталаған дерекке қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

– Көлік жүргізушілеріне ауа райының құбылуына, жолдың тайғақ болуына байланысты қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеміз. Әсіресе, ара қашықтықты сақтап, жылдамдықты шамамдан тыс асырмаған жөн, - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.