$ 495.28  538.32  5.77

Павлодарда әйелді трамвай қағып кетті

Ол жұмыстан шығып, жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқанда трамвай сигналдарын естімеген.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Павлодарда  16 қаңтарда сағат 09:51-де трамвай 37 жастағы әйелді сырып өткен. Оның бел-сегізкөз омыртқасы жарақаттанды, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

«Жедел жәрдем бригадасы әйелді қалалық №1 ауруханаға жеткізді. Зардап шеккен әйелдің айтуынша, ол жұмыстан шығып, жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқанда трамвай сигналдарын естімеген», - делінген облыстық жедел жәрдем станциясының хабарламасында

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары