Ол жұмыстан шығып, жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқанда трамвай сигналдарын естімеген.
Павлодарда 16 қаңтарда сағат 09:51-де трамвай 37 жастағы әйелді сырып өткен. Оның бел-сегізкөз омыртқасы жарақаттанды, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
«Жедел жәрдем бригадасы әйелді қалалық №1 ауруханаға жеткізді. Зардап шеккен әйелдің айтуынша, ол жұмыстан шығып, жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқанда трамвай сигналдарын естімеген», - делінген облыстық жедел жәрдем станциясының хабарламасында