Ауызашар кезінде бір журналист қыз құдайға қарсы келіп жатыр дейді.
Елімізде танымал адамдар да журналист әрі тележүргізуші Жанат Бақытқа жүгінетін көрінеді. Бұл туралы елді аузына қаратып жүрген журналистің өзі айтты, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол Жанар Байсемізге берген сұхбатында әңгіме өрбітті.
«Мен оразаның екінші күні Кенесарының басы туралы айттым. Оразада бәрі кешкісін жиналып алып, бір ай көлемінде барлық ауызашарда сол әңгіме айтылды. Жоғары әлемге керек адамдарды солай саралаған. Ауызашар кезінде бір журналист қыз құдайға қарсы келіп жатыр дейді. Оны естіген екінші адам мені танымайды, парақшамды көреді. Бұл жерде аса әбестік жоқ, айтылып жатқаны рас. Бұл деген менің іздеп жүрген нәрсем ғой деп, 70% адамдар сол шудан кейін келді. Олардың арасында танымал тұлғалар, әншілер, өнер адамдары, блогерлер де бар. Бірақ, оларға уәде бергеннен кейін мен олардың атын құпия сақтауым керек. Олар ізденіс жолына кетті, ешкіммен байланыс ұстамаймын», — дейді экс-журналист.