17.01.2025, 16:40

«Сырғанақ жасап беріңізші»: Атбасарда кішкентай бүлдіршін әкімге видео жолдады (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Атбасардың балаларының бәрі сұрап жатыр.

Атбасарда бала әкімнен мұз төбешіктерін салып беруді сұраған видеосынан соң сырғанақ дайын болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Instagram желісінде Әлия есімді қыздың қала басшысына арнаған видеосы пайда болды.

"Құрметті әкім аға, бізге сырғанақ жасап беріңізші, өзіме шана сатып алдым, бірақ сырғанайтын жер жоқ, Атбасардың балаларының бәрі сұрап жатыр", – деді Әлия.

Бүлдіршін қаланың басқа да жас тұрғындарын кейін сырғанақты күтіп ұстауға шақырды. Құзырлы органдар баланың өтінішіне жауап берген.

"Әлиюшаның жарияланған видеосынан соң, аудан әкімі дереу қала басшысына хабарласып,тиісті қызметтер мұз жасауын сұрады. Алайда қатты аяз болмағандықтан, бұл күні орындай алмадық. Су құйып. мұз жасағымыз келсе де, су қатпас еді. Осы аптада қар үйінділері тазартылды. Үш рет су қатырды, қазір балалар сырғанап жүр", – деді Атбасар әкімінің баспасөз хатшысы.

Ол кішкентай Әлияны қала тіршілігіне бей-жай қарамайтын белсенді тұрғын деп атады.