$ 530.12  546.08  5.17

«Тұқымың құрғыр»: Нұрлан имам анасынан ауыр сөз естіген үш баланың сәби сүйе алмай жүргенін айтты

Жақсы сөз – жарым ырыс. Балаңыздың бақыты да, қиянат-қиыншылығы да – сіздердің қолдарыңызда.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Танымал имам Нұрлан Байжігітұлы желіде қарғыс батаның әсері туралы ойын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

Имам өз сөзінде анасының қарғыс батасынан сәби сүйе алмай жүрген отбасылардың жағдайын мысалға келтіріп өтті.

«Маған бір азамат келіп, жылап былай деп әңгімесін айтты. Анам дүниеден өтіп кетті. Сол кісі кішкентай кезімізде «тұқымың құрғыр» деп ұрсатын бәрімізді, дейді. Алдымда екі ағам бар, екеуінің де баласы жоқ. Мен – үшіншісімін. Менде де бала жоқ.

Сондықтан, құрметті аналар! Жақсы сөз – жарым ырыс. Балаңыздың бақыты да, қиянат-қиыншылығы да – сіздердің қолдарыңызда. Жақсы сөз айтыңыздар. Періште «әумин» дейді. Ұрпағың жайылғыр, көсегең көгергір деп айтатын аналардан тарамап па едік.

Алладан үмітіңді үзбе деп дұға етіп жібердім», — дейді Нұрлан имам Байжігітұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары