Мауысым айында Астана қаласы тұрғындарының ақшалай табыстары 19.9 пайызға көтерілді, деп хабарлайды Skifnews.kz
Қала әкімдігінің ресми сайтының хабаралуынша, 2014 жылғы маусымда Астана қаласындағы халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 118437 теңгені құрады, бұл 2013 жылғы маусымға қарағанда 19,9 пайызға жоғары, аталған кезеңде нақты ақшалай табыстар 10,5 пайызға көтерілді.