19.01.2025, 11:30

Атырау балабақшасында тәрбиеші бүлдіршінді тепкен (ВИДЕО)

Фото: коллаж sn.kz

Тәрбиеші жұмыстан қуылды.

Әлеуметтік желілерде тәрбиешінің баланы тепкен сәті түсірілген бейнежазба тараған болатын. Кейін белгілі болғандай, оқиға «Зейнеп-Амина» жеке меншік балабақшасында болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Балабақша басшылығының айтуынша, құқық бұзушылық анықталғаннан кейін тәрбиеші еңбек заңнамасына сәйкес дереу жұмыстан шығарылған. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіп жатқанын айта кеткен жөн.