Ешкімге білдіртпей, шаруаларын тындырып жүргендер аз емес.
Түрмеде отырып шыққан қыз темір тордың ішінде не көріп, не байқағанын айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жазасын өтеген қыз Hot-interviews арнасына сұхбатында түрменің ішіндегі шынайы өмір, ондағы әйелдердің болмысы, тағдыры туралы баяндады.
Алайда сұхбатта қыздың кім екені, қайда түрмеде отырғаны туралы ақпарат айтылмаған. Дегенмен, еркін сұхбат беруге келіскен қыз өзінің есірткіге байланысты қамалғанын, түрмегені отырып шыққанын айтқан.
«Түрмеде әйелдердің 70 пайызы — лесбияндар. Әрине, түрме қызметкерлері нақты оқиға үстінде ұстап алса, үлкен жаза береді. Алайда ешкімге білдіртпей, шаруаларын тындырып жүргендер аз емес. Мені де бір қыз ұнатып, өзін еркек сияқты ұстап, мені еркелетіп, үнемі қамқор болып жүретін», — деген қыз түрмеде күйеуін өлтірген әйелдердің өте көп екенін айтады.