22.01.2025, 12:40

«Тиімді шартпен валюта айырбастауды ұсынады»: ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Фото: gov.kz

Кореяда, Қытайда, АҚШ-та қазақстандықтардың алданған фактілері байқалыпты.

Ішкі істер министрлігі шетелдегі қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертіп, мессенджерлердегі топтарда сақ болуға кеңес берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шетелде жүрген азаматтар көбіне Telegram және WhatsApp чатын құрып, ақпарат алмасып, бір-біріне көмектесіп отырады. Мұны алаяқтар пайдаланады дейді. Олар чаттарға қосылып алады да, өздерін қазақстандық ретінде көрсетіп, әдеттегіден де тиімдірек шарттармен валюта айырбастау қызметін ұсынады.

Ақша айырбастағысы келетіндермен тікелей хабарласпай-ақ, алаяқтар құрбандарға криптовалюта немесе дроппер сататын адамдардың реквизитін ұсынады. Валюта айырбастау үшін ақша алып алады да, хат-хабарларды өшіріп, чаттардан шығып кетеді.

Кореяда, Қытайда, АҚШ-та қазақстандықтардың алданған фактілері байқалыпты.

"Біз азаматтарды қырағы болуға және күмәнді ұсыныстарды қабылдамауға шақырамыз", – деп атап өтті департамент.