$ 520.91  544.25  5.29

Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

Ізін суытпай жол апатына қатысты тергеу амалдары басталды.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Елордада жеңіл автокөлік жүргізушісінің дұрыс бұрылмауынан көлік апаты болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жол апаты Қабанбай батыр даңғылы мен Хусейн бен Талал көшесінің қиылысында «Ниссан» жеңіл көлігі мен жолаушылар автобусының соқтығысуынан туындаған. 

«Ниссан» жүргізушісі көшеден солға бұрылып жатқанда автобусты соқты, салдарынан қоғамдық көлік бетонға соғылды. Апаттың кесірінен зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді", - делінген қалалық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Ізін суытпай жол апатына қатысты тергеу амалдары басталды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары