$ 520.91  544.25  5.29

Түркияда қонақүйдегі өртте бір отбасынан 14 адам қаза тапты: Жаназада Ердоған жылап жіберді

Рәсім Болу орталық мешітінде өтті. 

Фото: www.yenisafak.com
Фото: www.yenisafak.com

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Болу қаласындағы Карталкая тау-шаңғысы курортында өрттен қаза тапқан Гюльтекин отбасын жерлеу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Рәсім Болу орталық мешітінде өтті. Ердоған қайғыларына ортақтасып, қаза болған марқұмдар үшін дұға жасады. 

— Алла Тағала оларға мейірімділік танытса екен деп дұға етемін. Олардың рухтары шейіттердің рухымен бірлікте болады деп сенемін. Жүрегіміз бос, қайғымыз үлкен. Жатқан жері жәннатта болсын, — деді Ердоған.

Қайғылы оқиға түнде 12 қабатты қонақүйде болған. Ол кезде ғимаратта 238 адам болған еді. Оқиға салдарынан 76 адам қаза тауып, 51 адам түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Қаза тапқандар арасында Түрік әуе желілерінің қызметкері Зехра Сена Гюльтекин, оның күйеуі, үш баласы және Карталкаяға қысқы демалысқа келген тағы тоғыз туысы бар. 

Белгілі болғандай, өрт кезінде Зехра Сена анасына хабарласып, кешірім мен бата сұрап үлгерген. Отбасы өртке оранған ғимараттан шыға алмады.

Оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін тоғыз адам ұсталды, олардың арасында қонақүй қызметкерлері бар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары