$ 520.91  544.25  5.29

Қарағанды облысында дүкеншіні қатыгездікпен өлтіріп кеткен

Ұры әйелдің кеуде тұсына пышақ сілтейді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Әлеуметтік желіде Қарағанды облысының Саран қаласындағы дүкендердің бірінде аса қатыгездікпен кісі өлтіру фактісі тіркелген видео тарауда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеода ер адамның қарсылық көрсеткен сатушыға шабуыл жасағаны көрінеді. Ұры әйелдің кеуде тұсына пышақ сілтейді. Бұл фактіні Zakon.kz сайтына Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

"Саран қаласының 27 жастағы тұрғынының денесі табу фактісі бойынша зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері бар қылмыстық іс қозғалды. Күдікті адамды анықтау және ұстау мақсатында облыстың ішкі істер органдарының барлық жеке құрамына бағдар берілді", делінген хабарламада.

Полиция департаменті қызметкерлерінің арасынан жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Бұған дейін әлеуметтік желіде өз отбасы мүшелерін бауыздады деген күдікпен 21 жастағы астаналықты ұстау сәтінің видеосы тараған.  Алдын ала болжам бойынша, жанжал телефонға байланысты шыққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қарағанды