$ 520.91  544.25  5.29

Иракта 9 жастағы қыздардың некеге тұруына рұқсат берілмек

Оның аясында әлем құқық қорғаушылары тарапынан сынға ұшырағаны – қыздардың некеге тұру жасын 9-ға дейін төмендету бабы. 

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com

Иракта балалар некесін заңдастырды, енді қыздардың 9 жастан бастап некелесуіне рұқсат берілмек, деп Sкifnews.kz ақпарат порталы informburo-ға сілтеме жасап хабарлайды.

CNN мәліметінше, Иракта некеге тұру үшін ресми тіркеудің қажеті жоқ. Некені ата-ана рұқсатымен дін қызметкерлері қияды. Бұған елдегі 1959 жылдан бастап жұмыс істейтін «Жеке статус туралы» заң рұқсат етеді.

Енді осы заңға діни соттарға неке қия, ажырасу, мұра бөлу мәселелері бойынша шешім қабылдау құқығын бере отырып, өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Оның аясында әлем құқық қорғаушылары тарапынан сынға ұшырағаны – қыздардың некеге тұру жасын 9-ға дейін төмендету бабы. 

БҰҰ мәліметінше, қазірдің өзінде Ирак қыздарының 28 пайызы кәмелет жасына толмай күйеуге шығады. Құқық қорғаушылар өзгеріс қыздардың балалық шаққа деген құқығын шектейді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары