$ 502.47  525.83  5.68

Атышулы «Қалаулым» бағдарламасының жұлдызы Бердах Бекетов 7 жылға сотталды

Бекетов 2022 жылдың қаңтарында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деп айыпталған.

Фото: rus.azattyq.org
Фото: rus.azattyq.org

Бүгін 2022 жылғы қаңтар оқиғасы бойынша айыпталушыға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

ZTB NEWS телеграм каналының жазуынша,  «Қалаулым» шоуының жұлдызы Бердах Бекетов тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Бекетов 2022 жылдың қаңтарында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деп айыпталған. Оның өзі тағылған айыптарды жоққа шығарады.

Айта кетейік, айыпты алқада Арман Жұмагелдиев (Дикий Арман), Алматы қаласы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бесінші басқармасының бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов бар 44 адам бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 6
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары