27.01.2025, 17:00

Павлодарда жасөспірім қыздар қатарласын аямай соққыға жығып, видеоға түсірген (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Әлеуметтік желіде бір топ қыз қатарласына жабылып, аяусыз соққыға жыққан видеосы тарады. Полиция төбелеске қатысы барлардың жеке басын анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған видеодан қыздың жекпе-жек әдістерін қолданып, бірінші жұдырықпен, кейін аяғымен диванда отырған қыздың бетінен тепкен. Төбелес болған сәтте бөлмеде басқа да қыздар болған. Бірақ олар тек сырттай бақылап тұрды. Тек біреуі ғана ашуға булыққан құрбысын тоқтатуға тырысқандай болды. 

Тағы бір видеода ол қатарласып жерге алып ұрып, басына бірнеше рет қатты соққы жасады. 

Жантүршігерлік жағдай Павлодарда болғаны анықталды. 

“Барлық қатысушылардың жеке басы анықталып, олар полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді полиция. 

Төбелеске қатысқан қыздардың кәмелет жасқа толмаған колледж студенттері деген болжам бар.