$ 516.85  537.68  5.26

Атырауда ер адам жетімдер үйіндегі баланы соққыға жықты (ВИДЕО)

Желіде тараған видеодан ер адамның баланың артынан қуып жүріп, басына бірнеше рет соққы жасағанын көруге болады.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде “Шаңырақ” балалар үйінің қызметкерінің 15 жастағы жасөспірімді ұрып жатқан видео тарады. Жергілікті балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл болған жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Желіде тараған видеодан ер адамның баланың артынан қуып жүріп, басына бірнеше рет соққы жасағанын көруге болады. Жағдайдық қашан және қалай болғанын анықтау үшін Атырау облысы бойынша Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Айжан Сәрсенбаева балалар үйіне келді. 

Видеодағы ер адам өзін мекемеде жүргізуші болып жұмыс істейтінін айтқан. Оның сөзінше, ол баланы ұрмаған, онымен солай ойнаған. Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жасөспірімның айтуынша, ер адам өзіне айтылған балағат сөздерге осылайша жауап берген. Тәрбиеленуші жүргізушіге “фашист, Гитлер” деп айтқан көрінеді. 

Десе де Айжан Сәрсенбаева мекемеге полиция шақырған. Болған жағдайға қатысты комиссия құрылды. Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

“Балалар үйіндегі оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді Атырау облысы полиция департаменті. Сондай-ақ қызметкерден зәбір көрген жасөспірімнің қазір “Шаңырақ” балалар үйінде емес екені анықталды. Ол қазір жасөспірімдер үйіне ауыстырылып, студент атанды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары