Ес-түссіз жатқан әйел адам ауруханаға жеткізілгенмен есін жимай көз жұмды.
Қайғылы оқиға 27 қаңтар күні кешке Павлодарда Назарбаев даңғылындағы үйлердің бірінің ауласында болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Назарбаев даңғылы бойындағы №34 үйдің ауласында «МАЗ» жүк көлігінің жүргізушісі бұрылу кезінде жаяу жүргіншіні байқамай қалып, оны басып өткен.
Ес-түссіз жатқан әйел адам ауруханаға жеткізілгенмен есін жимай көз жұмды.
«Көлік арнайы тұраққа қойылды. Тергеу жүргізілуде», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.