$ 521.9  593.5  6.39

Алматы облысында алғашқы АЭС-тің құрылысы бойынша келісімшарттарға қол қойылмақ

Қазақстанда тағы екі атом электр станциясы салынбақ 

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов биыл екінші және үшінші АЭС-ті салу орнын белгілеу үшін талқылау жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Алдағы уақытта Алматы облысында алғашқы АЭС-тің құрылысына қатысты тиісті келісімшарттарға қол қойылады. Сондай-ақ екінші және үшінші АЭС салынатын ықтимал орындарды анықтау үшін аймақтарға жүргізілген сараптама аяқталады", – деді премьер-министр.

Үкімет басшысы үш жылу электр орталықтарын салу бойынша жобалар басталғанын айтты. Жаңа ЖЭО Көкшетау, Семей мен Өскеменде салынып, 2032 жылы қолданысқа беріледі. 

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев елде екі үлкен АЭС салу керегін айтқан еді. Осылайша Қазақстан ядролық энергетикасы дамыған елге айналу керек дейді.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары