Біз бағаның күрт қымбаттауына жол бермейміз.
Премьер-министр Олжас Бектенов нарықтық баға саясатына біртіндеп көшетінімізді айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Үкімет жанар-жағармай материалдары мен газ бағасын, сондай-ақ тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және теміржол тасымалы салаларындағы тарифтерді кезең-кезеңмен ырықтандыруды бастады. Біртіндеп нарықтық баға саясатына көшу осы салаларға қажетті инвестицияларды тартуға және жанармай тапшылығының алдын алуға мүмкіндік береді. Біз бағаның күрт қымбаттауына жол бермейміз. Осыны баса айтқым келеді", – дейді Олжас Абайұлы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.