28.01.2025, 16:00

Екінші АЭС қайда салынады? — Алмасадам Сәтқалиев жауап берді

Фото: Pixabay

Бұл жөнінде комиссия нақты шешім қабылдайды.

Қазақстанда екінші АЭС салынуы мүмкін орын ретінде Курчатов қаласы қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін өткен баспасөз конференциясында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Аумақ ретінде Курчатов қаласы перспективті орын ретінде қарастырылып жатыр. Бұл жөнінде комиссия нақты шешім қабылдайды», - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Айта кетейік, Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов екінші және үшінші Атом электр станциясы құрылысының ықтимал орындарын анықтау үшін өңірлерді талдау жұмыстары аяқталуға жақын екенін айтты.