29.01.2025, 18:20

«Самса қатын емес, қорықпай екеуін ал»: Алматыда атышулы жарнама көпшіліктің ашуын туғызды

Фото: Алматы әкімдігі

Жарнаманы шығарудағы бірінші мақсатымыз – маркетинг

Алматы мен Шымкентте самса сататын дүңгіршектердің бірінде "Самса қатын емес, қорықпай екеуін ал" деп жазылған. Кейін Алматы әкімдігі тақтайшаның алып тасталғанын растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қала әкімдігінің мәліметіне сәйкес, әлеуметтік желіде тараған «Самса қатын емес, қорықпай екеуін ал» жазуы Алатау ауданында орналасқан тамақтану орнында ілінген.

— Алатау ауданы әкімдігінің мамандары Шоған абыз көшесі, 406/1-үй мекенжайында орналасқан қоғамдық тамақтану орнының көрнекі ақпараттарына мониторинг жүргізді. Кәсіпкерлік субъекті қызметкерлеріне деректемелер мен көрнекі ақпараттардың тілі және тұтынушыларға қызмет көрсету барысында тілдердің қолданылуы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді. Нәтижесінде әдеби тіл нормаларына сай емес көрнекі ақпарат алынып тасталды, — деп хабарлады әкімдіктен.