$ 518.14  537.57  5.27

«Өз ақшамызға барып, чемпион атандық»: Маңғыстаулық спортшыларға әкімдік қаражат бөлмей отыр (ВИДЕО)

Жарысқа Маңғыстау облысының джиу-джитсудан жастар арасындағы аға жаттықтырушысы Жәнібек Әбу-Бәкір өз қалтасынан 3 млн теңге шығарып, 19 спортшыны жарысқа апарған.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

20-23 қаңтар күндері Алматы қаласында өткен джиу-джитсудан жастар арасындағы Қазақстан чемпионатына Маңғыстау облысынан он тоғыз джитсер қатысып, 6 алтын, 2 күміс пен 1 қола медаль ұтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жарысқа Маңғыстау облысының джиу-джитсудан жастар арасындағы аға жаттықтырушысы Жәнібек Әбу-Бәкір өз қалтасынан 3 млн теңге шығарып, 19 спортшыны жарысқа апарған.

«Келесі айда Тайландта өтетін Азия чемпионатына Маңғыстаулық джитсерлер кімнің ақшасымен барады? Әлде, аға бапкер Жәнібек Әбу-Бәкір тағы да кредит алып, Азия чемпионытына шәкірттерін апара ма? Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, мемлекет бөлген қаржыны нәтиже көрсетіп жүрген спортшыларға неге бермейсіздер?», — деп жазған спортшылар.

Кейін спортшылар Маңғыстауға оралғанда оларды сый-сияпатпен тек ата-аналары күтіп алған.

Спортшыларының үндеуіне өңірдің азаматтары спортшыларды қолдау керегін жазып, спорт басқармасының әрекетін сөккен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары