30.01.2025, 15:40

«Жағдай қиындап барады»: «Оян, қазақ» фильмінің продюсері халыққа ақыл айтты

Фото: instagram.com/oisaule

Билік біраздан кейін халықтың пікірін естіген болып, 15-17% деп түсіреді және 15 млн-ды 30 млн-ға көтереді, сол кезде бар эмоциямызды 20% бен 15 млн-нан шығарып алған біз де қалыпты қабылдаймыз.

“Оян, қазақ” фильмінің продюсері Айсәуле Әбілда елдегі жаңа реформаларға қатысты ойын жасырмады, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Продюсердің пайымдауынша, еліміздегі өзгерістерді пайдаланып, халыққа шетелге көшуге кеңес беру дұрыс емес.

“Қайырлы күн, ойлы оқырмандарым! Бірінші мәселе. Меніңше, билік біраздан кейін халықтың пікірін естіген болып, 15-17% деп түсіреді және 15 млн-ды 30 млн-ға көтереді, сол кезде бар эмоциямызды 20% бен 15 млн-нан шығарып алған біз де қалыпты қабылдаймыз. Біздің компаниямыз ашылған күннен ҚҚС (НДС) төлеуші еді, ілделеп әрең отырмыз. Бір күні жауып тынып, Мұрат вайнға сценарий жазып, өзім әртіс болып ойнап кетпесем болды ғой.

Екінші мәселе мен осы ақпаратты желеу қылып, адамдарды қорқытып, шетелге көшу керек деуге қарсымын. Онсыз да уайым мен күйзелісте жүрген халықты олай түртуге болмайды. Маған да “бізде жағдай қиындап барады ғой, содан да көшіп барсақ бола ма” деп жазып жатқандар көп. Алайда, шетелде өмір сүріп кету үшін де сіздің жақсы онлайн жұмысыңыз бен тұрақты кірісіңіз болу керек, ал ол Қазақстанмен байланысты болса, теңге құлдыраған сайын сіздің кірісіңіз де шайқалады дегендей ғой. Осы мәселенің бәрін нұсқаулықта ашып жаздым, шын келгіңіз келсе, оқып, дайындалып, жалпы картинаның қандай болатынын көріп алыңыз. Шетелге еш дайындықсыз, Қазақстандағы басқа бір мәселеңізден қашу үшін емес, нақты мақсатпен, ересек күйде шешім қабылдап келгеніңіз өзіңізге жақсы” , — деп жазды продюсер Айсәуле Әбілда Instagram парақшасында.