01.02.2025, 13:30

Қуаңшылық кезде Батыс өңіріне шөп жіберіп көмектескен Құрмет сүйінші жаңалығын айтты (ФОТО)

Фото: Inbusiness.kz

Сүйінші ағайын!

2021 жылы Қазақстанның қуаңшылықтан зардап шеккен өңірлеріне қол жинап, шөп жіберген Құрмет Талапқазы қуанышты жаңалығын бөлісіп, халықтан сүйінші сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгін ол өзінің Instagram-парақшасында қуанышын бөлісіп, сүйінші сұрады. 

"Сүйінші ағайын, көптен күткен Махаббатыммен некемді қидым. Құтты болғай", - деп қысқа жазба қалдырды ол. 

Еске салайық, қоғам белсендісі Құрмет Талапқазы 2021 жылы қуаңшылық кезінде Батыс өңіріне вагон-вагон шөп жіберіп, көпшіліктің төрт түлігін ашаршылықтан аман алып қалуға септігін тигізген. Ол халықтың алғысын алып, көпшілік оның әрекетіне тамсанған болатын.