$ 521.6  534.27  5.25

«Қыздың өзінен көріп отыр»: Қызылордада оқушыны жезөкшелікке тартқан 217 адам жазасыз қалды

Қызылордада сыныптастары жезөкшелікке күшпен тартқан мектеп оқушысын оқиғасы қоғамды дүр сілкіндірген болатын.

Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com

Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеуге байланысты елді дүрліктірген іс бойынша 217 ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын болды. Бұл туралы «НеМолчиKZ» қорының жетекшісі Дина Тәңсәрі жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«НеМолчиKZ» қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің айтуынша, 5 қыркүйекте күшіне енген «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заңға сәйкес бұл адамдар жауапқа тартылуы мүмкін еді. Алайда оқиға 5 тамызда анықталып, 6 тамызда ғана шағым түскендіктен, жаңа заңның күші оларды қамтымайды.

«Оларды шақырды, кейбіреуін жұмыс орнынан тапты, кейбіреуін жұмыстан шығарды, тағы бірін жазалады, бірақ бұл қылмыстың себебін олар өзінің құмарлығы немесе ақы төлеп зорлық-зомбылық жасауға бейімділігінен емес, керісінше, қыздың өзіне және оның оқиғаны жария еткенінен көріп отыр», – деп жазды Таңсәрі.  

Қызылордада сыныптастары жезөкшелікке күшпен тартқан мектеп оқушысын оқиғасы қоғамды дүр сілкіндірген болатын. Мыңнан аса еркекпен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүр болған оқушының оқиғасы бойынша сот әлі жалғасып жатыр.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 14

Серіктес жаңалықтары