$ 520.27  537.65  5.24

ҚҚС көтерілсе, баспана тағы қымбаттауы мүмкін

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2001 жылы 1 шаршы метрдің бағасы 23 мың теңге болса, 2005 жылы ол 92 мың теңгеге, 2010 жылы 143 мың теңгеге, 2015 жылы 257 мың теңгеге, 2020 жылы 307 мың теңгеге, ал 2023 жылы 494 мың теңгеге жеткен.

Фото: cаnva.com
Фото: cаnva.com

Тұрғын үй нарығында 20 жыл бұрын жойылған қосымша құн салығы қайта енгізілмек. Сарапшылар бұл өзгерістің құрылыс саласында үлкен әсері болатынын алға тартады. Құрылыс саласында салық реформасы іске асқанда, нарықта жаңа өзгерістер болуы ықтимал, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Қосымша құн салығының қайта енгізілуі бағаның өсуіне алып келеді, деп болжайды сарапшылар. Құрылыс құны артқан соң, тұрғын үй бағасы да қымбаттайды. Сонымен қатар, эконом және комфорт-классты үйлердің саны азайып, құрылыс қарқыны төмендеген сайын баға одан сайын өседі.

«Бұған дейін тұрғын үй сату кезінде қосымша құн салығы алынбайтын. Алайда жаңа Салық кодексінде бұл салық енгізілмек. Бұл өзгеріс халыққа қиындық тудыруы мүмкін, себебі құрылыс компаниялары үй бағасына 12-15% қосымша құн салығын міндетті түрде қосып жібереді. Салық сарапшысы Жанар Қожабаеваның айтуынша, бұл халық үшін бағаның көтерілуіне себеп болады», - деді салық сарапшысы Жанар Қожабаева.

Қайткен күнде де 2001 жылдан бері құрылыс компаниялары қосымша құн салығынан босатылғанымен, баспана бағасы төмендеген емес. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2001 жылы 1 шаршы метрдің бағасы 23 теңге болса, 2005 жылы ол 92 мың теңгеге, 2010 жылы 143 мың теңгеге, 2015 жылы 257 мың теңгеге, 2020 жылы 307 мың теңгеге, ал 2023 жылы 494 мың теңгеге жеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары